Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл сөзі

Мұсабек Байзақов

0
0

Бөлісу:


Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл
Патшадай -малды кісі, кедейлер-құл.
Сұңқардай құрағытқан бауын түтіп,
Дәулетсіз қор болды ғой қайратты ұл.
Мал керек қожаға да, төреге де,
Малсызды «опат» дейді кенегеде.
«Опат» деп ойласаңдар өлгенді айтар,
Қор болды кедей сорлы мұнша неге?
Түзетіп бай салады ақтан сарай,
Кепені кедей қылар басқа пана-ай.
Ұстыны екі әлемнің ақтық құлы,
Мұхамет Қадишаға тұрған малай!
Суытып жалды ат керек жарысқалы,
Әр іске дүние керек алысқалы.
Қайран ер, жоқшылығын арман қыпты,
Алланың Әлішері арыстаны.
Мұсабек Байзақов, Мусабек Байзаков, Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл, Кайраты бул дуниенин мал менен пул сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016