Біздің жақта сөзі

Мұратқазы

2017

0
0

Бөлісу:



Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдері-ай,
Еркін дала белдер-ай.
Каздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер-ай.
А-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Жеріне біздің, жақтың лайық ері,
Ер палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,
Жазушы ек қанат сұңқардай,
Асауменен алысып,
Қашағанды құтқармай.
Ай-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Қыздары біздің жақтың қара қасты,
Тісіне ұқсатарсың, меруерт тасты.
Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,
Мамық төс,
сұңғақ мойын, сүмбіл шашты.
Еркін бейбіт ауылым-ай,
Жас ерім талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
А-ай, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыкқан лебің шекер балдай.
Қыздары біздің жақтың қара көзді,
Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді.
Қызыл гүл албыраған еріндері,
Шырайлы, ашық көңіл, бал мінезді.
Еркін бейбіт аулым-ай,
Жас өрім, талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
Әй-әй, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай
Аузыңнан шыққан лебін шекер балдай
Мұратқазы, Муратказы, Біздің жақта, Биздин жакта mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Алма Алмагамбетова

Сөзін түзеткен

11.09.2017
Қолданушылар