Досым сөзі

Мұратбек Иса

Досым

0
0

Бөлісу:


Ұшырып алып қолыма бақ құсымды,
Жалаған кезде жалыны мұң ішімді.
Әлемде мынау өзгерген жоқ ешнәрсе,
Өзіңдей сонда жанымды кім түсінді.
Алданып қалып жалт-жұлт еткен арманға,
Көңілім толмай ешнәрсеге тұрғанда.
Өзіңдей кім бар қадірлі дос ұғынған,
Жанымды менің жаралаған жалғанда.
 
Қайырмасы:
Досым, менің досым,
Әркез қасымдасың.
Арманға биік қатар қанат қағасың.
Досым менің бұл күн,
Жан дүние кілтің,
Жаныңда сақтап, тұмар қылып тағасың.
 
Сыйғыза алмай кеудеме кей мұңымды,
Ақтардым саған сақтайды деп сырымды.
Кездескен сайын көңілімді көтеріп,
Төгесің жанға достық атты нұрыңды.
 
Қайырмасы:
Досым, менің досым,
Әркез қасымдасың.
Арманға биік қатар қанат қағасың.
Досым менің бұл күн,
Жан дүние кілтің,
Жаныңда сақтап, тұмар қылып тағасың.
 
Мұратбек Иса, Муратбек Иса, Досым, Досым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

18.10.2015