Өлшеулі өмір сөзі

Мұрат Жаңабеков

2017

12
3

Бөлісу:



Менің үніме құлақ түр елім
Бәрі бәрі де сынақ білемін
Өмір жайында ойлана қалсам
Ессіз адамдай жылап-күлемін

Жүрміз өлместей өмірге келіп
Жалғанның жайлы төрін де көп
Басыңа жауған бақыттың қары
Түседі-ау бір күн көңілден еріп

Кетер әкең де анаң да кетер
Кеткенше саған алаңдап өтер
Тірі кезінде құрметте бәрін
Өкпелегенше заманға бекер

Бармас ешкімге тіршілік баға
Татымас тағдыр бір шыбыққа да
Анау өмірге апаратының
Құдайға қылған құлшылық қана

Шіркін таксылса әттеңің ғана
Өлшеулі өмір сәттерін қараша
Жалғаннан жалғыз алатын еншің
Бір екі метр ақ кебіг ғана

Сыналар өмір өтінде күшін
Бай адам мықты секілді ел үшін
Жер бетін ешкім жаулай алмайды
Жер жаулап алар бетіндегісін

Жетер Алладан үкім алдағы
Пенденің өлмеу бүкіл арманы
Айтып келмейтін ажал құрғырдан
Қорқыттың өзі құтыла алмады

Қалар артында жаңғырық елес
Әрбір адамның тағдыры белес
Бәріне мәңгі өмір тілер ем
Өмірде бәрі мәңгілік емес
Мұрат Жаңабеков, Мурат Жанабеков, Өлшеулі өмір, Олшеули омир mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Алма Алмагамбетова

Сөзін түзеткен

08.09.2017
Қолданушылар