Зәуреш сөзі

Мұқиттің әні

Зәуреш

0
0

Бөлісу:


Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім.
Баяғы өзің көрген жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп, бір сүйейін деген едім.


Қайыңның жазда көрдім жапырағын,
Құланның тауда көрдім шоқырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың.


Сақталмас болат пышақ қын болмаса,
Өтірік неге керек шын болмаса.
Зарланып саулы інгендей келгенімде,
Басыңды бір көтерші тым болмаса.

Мұқиттің әні
Мұқиттің әні, Мукиттин ани, Зәуреш, Зауреш сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015