Паңкөйлек сөзі

Мұқиттің әні

Паңкөйлек

0
0

Бөлісу:


Паңкөйлек маң-маң аяқ басатұғын
Жар қайда ондай көңіл ашатұғын
Кешегі жиырма бестің желігінде
Көңілім тау суындай тасатұғын


Дүние қызыл түлкі бұландаған
Бақ тайса басқа дәулет құралмаған
Меңзеген асқар тауға қайран көңілім
Дүниеде ешнәрсеге тына алмаған


Кім білер, кімдер болар мейірім қанар
Рухым сөнген менің қайта жанар
Еңіреп Мұқит бабам өтіпті-ау деп
Кейінгі ұрпақтарым есіне алар

Мұқиттің әні
Мұқиттің әні, Мукиттин ани, Паңкөйлек, Панкойлек сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015