Бақытыңды жырлайды (Жаңа нұсқа) сөзі

Мұқасан Шахзадаев

2018

16
2

Бөлісу:



Жыламашы шырағым!
Күңіренген қобыздың бұрамашы құлағын
Ұмыт болып мына күн
Сейіледі мұнарың
Жыламашы шырағым!
Шашыратып шуағын
Мен білемін мына күн шұғыламен тұнарын

Қайырмасы
Шаттықпенен қуаныш
Өкінішпен мұң қайғы
Өмір бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды!

Аттанады мына күн
Ашылады аспаның
Шашылады аспанға
Сенің жақұт дастарың
Сұлуланып сасқарға
Асылады шаш бауың
Шашырайды басқа нұр
Қосылады бастарың

Қайырмасы
Шаттықпенен қуаныш
Өкінішпен мұң қайғы
Өмір бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды!

Мұқасан Шахзадаев, Мукасан Шахзадаев, Бақытыңды жырлайды (Жаңа нұсқа), Бакытынды жырлайды (Жана нуска) mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

12.06.2018
Қолданушылар