Мен ғашықпын жаны жаралы сөзі

Мұқан Бағдавлетов

Мен ғашықпын жаны жаралы

0
0

Бөлісу:


Мен ғашықпын жаны жаралы,
Сүйген сол бір сезімдер сөніп барады.
Жанымның жарасы, да дауасы,
Мынау үнсіз, көктем түніне қарашы.
 
Түсінерсің жаным мені түсінерсің,
Түсінген де түсініксіз күйге енерсің.
Сағыныш әлеміне симаған ақынның,
Жүрегін де көктем болып көктерсің.
 
Тағы шықтың, алдымнан тағы күліп,
Мен жүрмін, еріксіз сезімге еріп.
Жанарың жалғыз шамның жарығындай,
Жүрек шіркін, ән салардай.
 
Сүй жаным, сүйші сен де тағат таппай,
Тағатсыздар жүр әне бақыт таппай.
Сезімдер саған мынау жүректе,
Жүрегімді қалқам жүдетпе.
 
Махаббат демеймін мені ұғынатын,
Жүрегіме талай сырды құлыптадым.
Тәңір жазған бақытыма бағыма,
Сол бір қызды күтудемін тағыда.
04 03 2015
Мұқан Бағдавлетов, Мукан Багдавлетов, Мен ғашықпын жаны жаралы, Мен гашыкпын жаны жаралы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

29.10.2015