Тарысы бар аймақтың сөзі

Мұхтар Шаханов

0
0

Бөлісу:


Даттайды екен бір кінәңді ел білсе,
Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз.
Қызғанышы ізгілігін сөндірсе –
Нақ сол адам бақытсыз.
Көздер барда қадалатын тамсана
Шын сұлулық қалмақ емес назарсыз.
Қажырсыз ба, қанша сұлу болса да,
Нақ сол адам ажарсыз.
Жабырқама,
Беліңді жаз бүгілген.
Еңкеймесін ер жігіттің атағы,
Ол солай ғой,
Түймедей бір мініңнен
Бәз біреулер түйе жасап жатады.
Мойыма дос.
Неге әлсіздік байқаттың,
Тарылмасын көңіліңнің қойнауы.
Ойлашы өзің,
Тарысы бар аймақтың
Мүмкін бе екен торғайлары болмауы?
Мұхтар Шаханов, Мухтар Шаханов, Тарысы бар аймақтың, Тарысы бар аймактын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016