Аққуым сөзі

М.Маңғытаев

Аққуым

0
0

Бөлісу:


Құштар еді гүл-көктемнің лебіне
Көктемменен бірге еді оның демі де
Әлденеден кетті мен екен шошынып
Аққу-құсым оралмай жүр көліне
Әлденеден кетті мен екен шошынып
Аққу-құсым оралмай жүр көліне
 
Көктемге еріп, көк шалғынды белеңмен
Құстар ағып келіп жатыр өлеңмен
Батар күннің шұғыласына малынып
Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен
Батар күннің шұғыласына малынып
Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен
 
Ақ нұр еді, балғын еді өзі де
Жолықтың ба налып жүрген кезіне
Айдын көлде жаутаңдаған жанары
Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?
Айдын көлде жаутаңдаған жанары
Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?
М.Маңғытаев, М.Мангытаев, Аққуым, Аккуым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015