Пасық байларға сөзі

Міржақып Дулатұлы

0
0

Бөлісу:


Бай болсаң мақтанып,
Тыраштанып, баптанып.
Басқаны жау көріп,
Өзінше сақтанып.

Арамнан мал жиып,
Қайыр, зекет бермейді.
Ғарып мүскін кездессе,
Көзін жұмып көрмейді.

Рақымсыз қатаңдар,
Жетім-жесір көрінсе,
Кеудеңменен қағасың.
Құдайдың сүймес құлы деп,
Пақырға жала жабасың.

Бар мақсаты алдында,
Ұрлық, қулық, барымта.
Шақырам деп тәртіпке,
Момынды сорады салтында.

Қолы бос қазақ жұмыстан
Қара қарға секілді.
Шуылдасып тұс-тұстан,
Бастарын қосып алыстан.

Қорқамын қазақ ғұрпынан,
Гуілдесіп-күпілдесіп,
Бір сөзінде түйін жоқ,
Тұрып кетер артынан.
Міржақып Дулатұлы, Миржакып Дулатулы, Пасық байларға, Пасык байларга сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

16.12.2016