Қара құс һәм адам сөзі

Міржақып Дулатұлы

0
0

Бөлісу:


(Айтыс)

Қара құс:
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!

Адам:
Тексеретін сен емес!
Ескеретін мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез!

Қара құс:
Атам менің қара құс,
Өзім қырғи бала құс.
Тояттармын болып тұс,
Жемтігіңе келдім кез.

Адам:
Айтқанымды кектесең,
Оқ жалынсын кетпесең!
Сырғыш қанат етпесең...
Адамға қызмет...

Қара құс:
Қорқытқаның осы ма?
Дегенім ғой «шошыма».
Жүрмесін жетпей досыңа:
Оғыңды сақтап, сонан без!

Адам:
Жауласармыз, тынармыз,
Балдан тәтті тұрармыз.
Сонда сені қуармыз.
Қара жүрек, қанды көз.

Қара құс:
Жауыздығың болды паш,
Жақсылыққа жаның қас.
Ойламаймын қыла алмас,
Қам қылармын мен де біраз.

Адам:
Жазбен бірге жаңғырып,
Көңілге нұр, жан кіріп,
Біз біткенде қаңғырып,
Жоғаларсың сен өзің.

Қара құс:
Біз де тойда болармыз,
Кеудеңе барып қонармыз.
Қара құс біткен тоярмыз,
Мейлің тула, мейлің төз!
Міржақып Дулатұлы, Миржакып Дулатулы, Қара құс һәм адам, Кара кус һам адам сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

20.12.2016