Тыныштық сақшылары сөзі

Мешітбай Құттықов

0
0

Бөлісу:


Бір тәулік «станциясын тыныштықтың»
Басқардым,
Телефоннан дыбыс күттім.
Бір тәулік шаршадым мен,
Келістіріп,
Арасын қиянат пен дұрыстықтың.Береді адасса да маған хабар,
Береді таласса да маған хабар.
Көңілі маған айтса,
Жай табардай,
Тәрізді тасқыннан да аман қалар.Жүгірем әділетті шырақ қылып,
Тыңдаймын айсыз түнде құлақ түріп.
Бір сенде ой-қиялым,
Бір сен үшін,
Келемін мен жанымды лақтырып.Тағы да бір таң атты көз алдымда,
Қиыны,
Қызығы мен өз алдына.
Бастыққа «тыныштық» деп баяндадым,
Мен бүгін елден бұрын сөз алдымда.Есігін тыныштықтың айқара ашып,
Таңменен арайланып,
Тұрдым тасып,
Азанғы түтінді енді көріп тұрмын,
Асыққан адамменен дидарласып.
Мешітбай Құттықов, Мешитбай Куттыков, Тыныштық сақшылары, Тыныштык сакшылары сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

03.11.2017