Вальс сөзі

Меруерт Қабыл

Вальс

2
0

Бөлісу:


Вальс
 
Аймалап жанарды көз сел құсап,
Өн бойымды алғандай ма жел тұсап.
Екеуара тербетіліп, көңіл мас,
Айқасқанда өрт денеміз, кең құшақ.
 
Шәрбатына шөлдегендей бал жастың,
Бұл сезімді жасырудан қалмас Түн.
Ыстық демің мойыныма сезіліп,
Мен ақылдан алжастым.
 
Тиген кезде қолдарыңа білегім,
Сенде от боп жанып кеттің, білемін...
Бұл тәтті елес сағым қуып, сол түні,
«Соңғы вальс» болмасын деп тіледім.
 
Меруерт Қабыл, Меруерт Кабыл, Вальс, Вальс сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

14.10.2015