Тобылғы сай сөзі

Мэлс Өзбеков , Жанар Хамитова

Тобылғы сай

0
0

Бөлісу:


Манаурап тау үстінен көрінсе ай,
Бір сезім тербетеді көңілді жай.
Ән кернеп, жас жанымды мазалайды,
Тартады мені өзіне Тобылғы сай.


Қайырмасы:
А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.



Сылдырап тау астынан ағады өзен,
Кеудемді кернеп менің барады өлең.
Ең алғаш бақыт таптым бір өзіңнен,
Құлағым сен дегенде қағады елең.


Қайырмасы:
А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.



Сайыңнан жұпар гүлін тергем талай,
Айғанмен қол ұстасып алтын арай,
Өзіңмен махаббатым шоқ боп жанған,
Айналдым, қуанышым - Тобылғы сай.


Қайырмасы:
А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.

Мэлс Өзбеков
Мэлс Өзбеков, Жанар Хамитова, Мэлс Озбеков, Жанар Хамитова, Тобылғы сай, Тобылгы сай сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015