Ақтамақ қарлығаштар сөзі

Мэлс Өзбеков

Ақтамақ қарлығаштар

0
0

Бөлісу:


Өмірдің бақтарында
Қарлығаштар қалықтайды
Көңілді шақтарында
Сайраңдаудан жалықпайды
 
Қайырмасы:
Ақтамақ қарлығаштар
Қаракөз қарындастар
Күн болып көріндіңдер
Гүл болып өрілдіңдер
Бақыт боп жаралдыңдар
Ән болып таралдыңдар
Қаракөз қарындастар
Ақтамақ қарлығаштар
 
Көшеде бара жатсаң
Кезідегі қарсы алдыңнан
Қиылған қара қастар
Көркіменен тамсандырған
 
Қайырмасы:
Ақтамақ қарлығаштар
Қаракөз қарындастар
Күн болып көріндіңдер
Гүл болып өрілдіңдер
Бақыт боп жаралдыңдар
Ән болып таралдыңдар
Қаракөз қарындастар
Ақтамақ қарлығаштар
 
Тұтатып үміттерді
Салқындықты жолатпайды
Қуантып жігіттерді
Бақыт болып қонақтайды
 
Қайырмасы:
Ақтамақ қарлығаштар
Қаракөз қарындастар
Күн болып көріндіңдер
Гүл болып өрілдіңдер
Бақыт боп жаралдыңдар
Ән болып таралдыңдар
Қаракөз қарындастар
Ақтамақ қарлығаштар
 
Мэлс Өзбеков, Мэлс Озбеков, Ақтамақ қарлығаштар, Актамак карлыгаштар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015