Сүйікті етші сөзі

Мейрамбек Бесбаев , Қанат Үмбетов

2018

110
2

Бөлісу:



Аңсаған аппақ арманым,
Орманым менің бол, жаным.
Тек саған мені апарар
Әлемнің барлық жолдары.
Көктем құлпырса керемет
Жанымды жырға бөлемек.
Өзіңе мені шақырар,
Алдымнан ұшқан көбелек.
Алдымнан ұшқан көбелек.

қайырмасы:
Көгімді менің биіктетші,
Кеудеден кетсін күйік-мұң.
Мына әлемді сүйікті етші,
Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.

Күз келсе қалқып таза мұң,
Көремін бояу ғажабын.
Сезімімді жапыраққа,
Хат қылып тағы жазамын.
Хат қылып тағы жазамын.

қайырмасы:
Көгімді менің биіктетші,
Кеудеден кетсін күйік-мұң.
Мына әлемді сүйікті етші,
Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.

Арманым болып орындалшы,
Түсіме айнал баянды.
Керек болса жанымды алшы,
Барымды алшы, барымды алшы, аяулым

мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, қанат, канат, kanat, qanat, үмбетов, умбетов, ubmetov, umbetob, Сүйікті етші, Суйикти етши mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Ербол Елхат

23 Желтоқсан 2018

Жүректің қылын тербейтін ән

Gauri Beysenova

24 Желтоқсан 2018

♥️керемет ән

Асель Сергазыева

Сөзін түзеткен

07.12.2018
Қолданушылар