Жоғалтып алғандаймын бірдемені сөзі

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Бөлісу:


Телефоны құрғыры үндемеді,
Қуантатын шырылдап күнде мені.
Жұмысым да өнбейді осы күні ,
Жоғалтып алғандаймын бірдемені.

Үндемеді, әйтеуір, үндемеді.
Ұмытып кетті ме екен, мүлде мені?
Сәтті күндер біртіндеп сарғыш тартып,
Ұлғаюда көңілдің мұң желегі.

Тағдыр ма бұл, тұрақсыз, ойнамалы,
Үміттімін бір болар тойдан әлі.
Бір сарынды жырлардан жалықты ма,
Әлде, мүмкін, шынымен ойламады.

Көңілді боп жүрмейді жанның бәрі,
Қуанышты бар тағы, бар мұңдары.
Тілерім тек тыныштық болғай да бұл,
Бұрқап соғар дауылдың алдындағы.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Жоғалтып алғандаймын бірдемені, Жогалтып алгандаймын бирдемени сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016