Ұмытпаспын, мен сені сөзі

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Бөлісу:


Жоғалғаным бейне бір табылардай,
Сені іздеймін үмітпен дамыл алмай.
Дамыл алмай құр елес тұтқыны боп,
Кеткен бе, әлде, ойлардан арыла алмай.

Бал татып қалған соң ба кешелерден,
Сағынышым сәт сайын өсе берген.
Елдер өтсе жанымнан алаңдаймын,
Кездесіп қаларма деп көшелерден.

Білмейсің-ау, жанымның торыққанын,
Сағыныштан өткен бұл болыппа мұң?
Жүрсем дағы сол жердің торып маңын,
Жолықпадың, жарқыным, жолықпадың.

Мына менде кеткен бір өші бардай,
Несіне алдай бересің, несіне алдай?
Күндіз-түні сені ойлап жүргеніммен,
Мәңгі ұмытып кеттің-ау есіңе алмай.

Ұмытады, шындық ол, ұмыта алған,
Шақырғанмен қол бұлғап үміт алдан.
Күндіз естен, түн түстен жырақ етпей,
Мен өзіңді мәңгілік ұмыта алман.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Ұмытпаспын, мен сені, Умытпаспын, мен сени сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016