Сен ұқтырдың сөзі

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Бөлісу:


Мен бүгін ашулымын ашынғасын,
Ойым жоқ сенен өзге басымда шын.
Мейлі, сен не десең де ... Анық бірақ,
Өзіңді құшып-сүймей басылмасым.

Сен маған жасын болдың көктемдегі,
Қақ жарған жүрегіммен от кеудемді.
Бағым ба, қасіретім бе кезіктірген,
Бұрын соң қиялымда жоқ пендені.

Содан соң күйіп-жанып алауладым,
Ұмыттым ай, күн барын, самал барын.
Әйтеуір, алай-дүлей сол сезімнен,
Жаныма бір тыныштық таба алмадым.

Кезім жоқ сені ойламай көзімді ілген,
Сені аңсап елжіредім, егілдім мен.
Ризамын тағдырыма сен арқылы,
Махаббат деген күшті сезіндірген.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Сен ұқтырдың, Сен уктырдын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016