Өзгенің керегі жоқ сөзі

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Бөлісу:


Махаббатта бітіспес майдан бір шың,
Тілгілеген жанымды пайдаң құрысын.
Қасіретіңнен қан жұтып қамықсам сан,
Сенен басқа оны өзге қайдан білсін?!

Жанарыңнан көрмеймін қызғанұшқын,
Бөгеті ме, әлде бұл, бізге алыстың.
Сезесің бе, бұл күнде жүрегімде,
Иттері ұлып жатқанын қызғаныштың.

Сыртым бүтін болғанмен ішім масаң.
Көргенім жоқ өзіңнен мүсінді асар.
Күндіз жүрсең ойымда, ал түндерде,
Мазалайсың,жарқыным, түсімде сен.

Түсін, мейлі, сен мені түсінбегін,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Сені қайдам, әйтеуір мен өзіңе,
Ешқашанда көлеңке түсірмедім.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Өзгенің керегі жоқ, Озгенин кереги жок сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016