Бәрін саған беремін сөзі

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Бөлісу:


Көп түндерді өзіңсіз жаным жылап,
Сағыныштан атырдым ағын құрап.
Апта өтсе де арада бар болғаны,
Сағындым-ақ, мен сені, сағындым-ақ.

Мезі еткенде жалғыздық, бірегей күн,
Жырлар жазу үшін көп түрегеймін.
Көп қой мұнда қыздар да, бірақ білсең,
Сенен басқа бақытты тілемеймін.

Болдың талай басымнан сипағандай,
Отырғанда шабыттан күй таралмай.
Көзімді ілмей қарсы алдым таңды мұңда,
Ұрлап сені бұл менен ұйқы алардай.

Сенгенім сен, сүйгенім бұл өмірде,
Арман-үміт, аңсарым, тілегім де.
Тек өзіңе беремін жомарттықпен,
Болса титтей жақсылық жүрегімде.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Бәрін саған беремін, Барин саган беремин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016