Бәлкім кейін түсінерсің сөзі

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Бөлісу:


Түсін мені, түсінбе де сен мейлі,
Ауыр ойлар жүрегімді меңдейді .
Оңашада жалғыз қалып жылаймын,
Жылау деген жан жарасын емдейді.

Талай көргем жалған сөзін сендейдің ,
Дерсің, бәлкім, сені өртеген нендей мұң?
Тілсіз, мұңсыз жақсы көрген жандардың ,
Менше сүйе аларына сенбеймін.

Болса дағы сенсіз айлар, жыл өткен,
Таппасам да жанға шипа, жүрекке ем.
Баянсызын махаббаттың қайтем мен,
Сүйсем сүйем, тек қана адал жүрекпен.

Мейлі бірге термейін мен қырда гүл,
Жүрегімде саған деген жыр –жалын.
Сен не десең, о де, қалқам, мен бірақ,
Сүйгендігім үшін сені ырзамын.
Медеу Демеу Медеуұлы, Медеу Демеу Медеуулы, Бәлкім кейін түсінерсің, Балким кейин тусинерсин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016