Ана туралы баллада сөзі

Маржан Арапбаева

Ана туралы баллада

2
0

Бөлісу:


Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.
 
Қайырмасы:
 
О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге.
 
Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айырылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.
 
Қайырмасы.
 
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дарқан, дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Әй, адамдар, жол беріңдер анаға.
 
Қайырмасы.
 
Тағы да үміт, шек қала ма арманға,
Өмірге ынтық, ана шөлі қанған ба?!
Ана – үміт, ана – жігер, ана – азамат,
Одан берік, одан нәзік жан бар ма?! 
Маржан Арапбаева, Маржан Арапбаева, Ана туралы баллада, Ана туралы баллада сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

21.10.2015