Жайма құшақ, қара жер сөзі

Мәриям Хакімжанова

0
0

Бөлісу:


Жайма құшақ, қара жер,
Мен кірмеймін қойныңа.
Еркіммен барар ойым жоқ,
Салмасаң арқан мойныма!..
Жұтсаң да мыңды тойым жоқ,
Жүрегің қайтып, қойдың ба?!
Бауырың суық, қара жер,
Қойныңа кіргім келмейді.
Табиғат, өзің қуат бер,
Тәуекел еткен өлмейді.
Советтік санлақ дәрігерім,
Ажалға мені бермейді.
От жүректі Отаным,
Кеудемді нұрмен тербейді.
Отаным десем оттанам,
Күш-қуатым селдейді.
Мәриям Хакімжанова, Мариям Хакимжанова, Жайма құшақ, қара жер, Жайма кушак, кара жер сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016