Тула жүрек сөзі

Мәриям Хакімжанова

0
0

Бөлісу:


(8-ші март күніне арналған)

Тула-тула,
Тула бүгін,
Тула бүгін!
Жүрегім!
Тула, жарыл,
Өмір бойы,
Осы емес пе ед -
Тілегің?!
Күні кеше,
Күңдік пенен -
Кайғы орнына
Кан толса, -
Бесігіне,
Бөлен бүгін
Жүрегім!
Міне бүгін, -
Жүрегімді,
Тербетеді -
Жібекжел.
Жібек желдің
Тербеуі мен,
Жүрек сырын,
Жырлап бер.
Тексеретін
Терең қиял,
Болмаса да,
Білімің,
Тоңды емес
Орамалды,
Жолға деген,
Сыйлай бер.
Мың-миллион,
Мың-миллион,
Қызыл тулы
Ерлерім.
Еріксізден
Өмір бойы,
Езілу мен
Еңіредің...
Сол өмірдің.
Сор - өмірдің,
Керегесін қиратып,
Мың-миллион,
Өндірістің,
Құшағънда
Еңбегің.
Қайна-қайна,
Қайна бүгін,
Қайна жігер
Тасқында!
Тасқындасаң
Еңбек өнер,
Еңбек туы,
Астыңда.
Ошақ бұты,
Оттың басы,
Бөгемейді
Қолыңды,
Олай болса,
Еңбекші әйел,
Түс майданға
Жасқанба!
Жатпа - тұрма,
Жалқауланба,
Екпініңе
Екпін қос!
Бес жылдықтың
Екіншісі,
Тілейді сенен
Екпін, күш!
Тула-тула,
Тула бүгін,
Тула бүгін
Жүрегім.
Тасқыңдаған,
Тасты жарған,
Қайна бүгін
Жігерім.
Партия мен,
Үкіметтің,
Нұсқауларын
Орыңдап.
Іс жүзінде,
Тап жауына.
Талмай жауап
Беремін!
Мәриям Хакімжанова, Мариям Хакимжанова, Тула жүрек, Тула журек сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016