Сайра,Күләш! сөзі

Мәриям Хакімжанова

0
0

Бөлісу:


Сайра, Күләш, сандуғаш,
Сайра "Гәкку" әніңе.
"Тыңдаймын да болам мас,
Тәтті үніңнің нәріне.
Сайра-сайра, тағы да,
Бал тамызған таңдайың.
Тудың анаң бағына,
Күнге карап мандайың.
Зарлап өткен "Қыз Жібек"
Сен арқылы тірілді.
Ақ желегі үлбіреп
Күндік торы түрілді.
Өлі қызға жан берген,
Күй сандығың сыңғырлап.
Сахнаға сән берген,
Салған әнің мың бұрап.
Аспанында Отанның,
"Гәкку" қақты қанатын.
Артисткасы Отанның,
Жастар үлгі алатын.
Сайра, Күләш, бұлбұлым,
Сені тындап тоймаймын.
Саған тарту бұл жырым,
Алар деп қабыл ойлаймын.
Мәриям Хакімжанова, Мариям Хакимжанова, Сайра,Күләш!, Сайра,Кулаш! сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016