Өлгім тіпті келмейді сөзі

Мәриям Хакімжанова

0
0

Бөлісу:


Өлгім тіпті келмейді,
Қанша қорлық көрсем де.
Өжет жаным өлмейді,
Өлді деп мені көмсең де.
Сайраған тілім сайрайды,
Жабысса да таңдайға.
Өрлеген жаным өрлейді,
Оқ атсаң да маңдайға.
Қорлық, зорлық қорқытпа,
Қорықпаймын қорынып.
Ар-намысым қолтықта,
Шығамын тасты опырып!
Бас имеймін жалынып,
Жалынам адал еңбекке.
Жүре алмаспын жабығып,
Басымды қыйдым көнбеске!
Айыбы жоқ адал жан,
Айдауда жүр азаппен.
Артық емес содан жан,
Алыс кетпе, азап сен!
Мәриям Хакімжанова, Мариям Хакимжанова, Өлгім тіпті келмейді, Олгим типти келмейди сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016