Езілме жүрек, езілме сөзі

Мәриям Хакімжанова

0
0

Бөлісу:


Езілме жүрек, езілме,
Шаршап жүрген кезімде.
Шыдамасаң өле қалшы,
Мазамды алмай езіл де!
Қысылма жүрек, қысылма,
Ауыр күннің тұсында!
Кайғыдан өлген қандай жан,
Көне тұр сорлы
қысымға!
Қабынба жүрек, қабынба,
Жазылған осы бағың да!..
Ажалдан бұрын өлмек жоқ
Көрерсің әлі тағы да!
Төгілме жасым, төгілме!
Берме ерік көңілге.
Тірі адамнан үміт бар,
Қайғыңды сергіт, жеңілде.
Мәриям Хакімжанова, Мариям Хакимжанова, Езілме жүрек, езілме, Езилме журек, езилме сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016