Депутат сөзі

Мәриям Хакімжанова

0
0

Бөлісу:


Біз сайлаған депутат,
Өжет жанды, өрт қайрат.
Қызметкері халықтың,
Болжайтұғын алдын ойлап.
Біз сайлаған депутат,
Кетсе-дағы тау құлап.
Тартынбайды жолынан,
Отырмайды тұнжырап.
Біз сайлаған депутат,
Ар-намысын арқалап.
Әділдікпен іс етер,
Алды-артына тең қарап.
Халық үшін қияр жан,
Халық үшін қарулан!
Депутаттың құралы,
Советтік әділ заң.
Мәриям Хакімжанова, Мариям Хакимжанова, Депутат, Депутат сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016