Бөлісу:


Бүгін неге,
Әлде неге,
Жүрек соғып,
Тулайды?
Бүгін неге
Әлем жүзі,
Шаттанады,
Шулайды?
Бүгін неге, -
Куанғандай,
Күлімдейді,
Алатау?
Бүгін неге, -
Күрсінісіп,
Қайғыланды -
Қалың жау?
Бұл не жиын,
Бұл не той -
Кайыстырған
Жер жүзін.
Қызыл туы,
Лек-лек болып,
Қызартқандай
Күн көзін,
Қызыл тулы,
Қызыл жүлдыз.
Қызыл қыран -
Арыстан.
Қызыл қанды,
Белден кешіп,
Талай жаумен
Алысқан.
Карсы алысты
Калың топ,
Тұс-тұсынан
"Уралап."
Жаңғырықты
Жер мен көк,
Шартылдады
Шапалақ
Көк пен жерді,
Тебірентіп,
Музыка тұр, -
Сайраған.
Қосылады
Барабан,
Марш күйін, -
Ойнатып.
Мәриям Хакімжанова, Мариям Хакимжанова, Бүгін, Бугин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016