Мархаба Сәби Қой, күрсінбе (2021) mp3 жүктеу тыңдау, сөзі

Қой, күрсінбе сөзі

Мархаба Сәби

2021

58
0

Бөлісу:



Әні, сөзі: Мархаба Сәби
аранжировка: Сәкен Мұсағалиев
сведение: Iliyas Toleu

1.Шын махаббат таба алмай жүргендерге
Мұң арқалап шаға алмай жүргендерге
Айналаға жаға алмай жүргендерге
Оңалмай жүргендерге

Амал таппай қиналып жүргендерге
Бір орында айналып жүргендерге
Не істеймін деп ойланып жүргендерге
Айтарым тек.

[Қайырмасы]
Қой, күрсінбе
Қойшы бәрі құрсын де
Ең бастысы басым аман болсын де
"Миым" аман болсын де
Үйім аман болсын де.
Қой, күрсінбе
Қойшы бәрі құрсын де
Ең бастысы басым аман болсын де
Сенім аман болсын де
Елім аман болсын де!


2. Бұл әлемді ұға алмай жүргендерге
Бауыр жазып шаба алмай жүргендерге
Тығырыққа шынымен тірелгендерге

Арманына жете алмай жүргендерге
Жоғарыға өте алмай жүргендерге
Ойлағанын ете алмай жүргендерге
Айтарым тек.






Пікірлер

Аида Романова

01 Наурыз 2021

❤❤

polatbekovaajnur@gmail.com

02 Наурыз 2021

Ваау

тойжан

21 Наурыз 2021

люблю

Admin

Сөзін қосқан

15.02.2021