Бекзатым-ай сөзі

Мақсат Базарбаев

Бекзатым-ай

0
0

Бөлісу:



Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.

Жолыққанша,
Аман бол, амал қанша.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.

Жолыққанша,
Аман бол, амал қанша.
Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.

Сыртынан аулымның өттің, кеттің,
Үкісін тақияңның бермей кеттің.

Жолыққанша,
Аман бол, амал қанша.

Сол үкің азар болса жүз теңгелік,
Қалдырдың көңілімді мың теңгелік.

Жолыққанша,
Аман бол, амал қанша.
Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.
Мақсат Базарбаев, Максат Базарбаев, Бекзатым-ай, Бекзатым-ай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

21.01.2017
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Мақсат Базарбаев
Бекзатым-ай