Бекер мұң сөзі

Мақпал Жүнісова

2018

9
1

Бөлісу:



Шайқа өмір көңілімді
Түбіндегі кетсін мұң
Қайтар қайсар төзімімді
Жігер жанға сепсін нұр
Іздеп ақ сезімімді
Шексіз теңіз кешем мен
Жанға жазып есіміңді
Жағалауға жетермін

Қайырмасы
Өмірімнің уақыт тұрағы
Қайдан табар екенмін
Тағдырымның ақ тұманын
Қалай жарып өтермін
Жалғыздықтың күйін кешіп
Мейлі жалғыз өтермін
Өмір сенің өзің түгіл
Өзіме де бөтенмін

Маған уақыт бөтен екен
Көрген екем бекер мұң
Бұл дүниеге келген екем
Күресумен өтермін
Сенде менде бұл жалғанда
Бұл жалғанда нетерміз
Тәңірі жазған жазуы бар
Жәй бір пенде екенбіз

Қайырмасы
Өмірімнің уақыт тұрағы
Қайдан табар екенмін
Тағдырымның ақ тұманын
Қалай жарып өтермін
Жалғыздықтың күйін кешіп
Мейлі жалғыз өтермін
Өмір сенің өзің түгіл
Өзіме де бөтенмін


Мақпал Жүнісова, Макпал Жунисова, Бекер мұң, Бекер мун mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

21.09.2018