Жан аға сөзі

Мақпал Жүнісова

2018

7
0

Бөлісу:



Айналдым пейіліңнен
Тұратын мейіріңнен
Ақ көңіл жаны жайсан
Жан аға ,жан аға
Еліне аға болған
Жолдастар дана болған
Өзгеден дара болған
Жан аға,жан аға
Даналар жолын салып
Халқынан алғыс алып
Еліңде аман есен
Жүр аға жүр аға
Бар жақсы соңынан ерген
Қиналса қуат берген
Үлкенді кішігеде панадай панадай
Қайырмасы:
Күндей нұрлы жарқыраған
Болсын дейтін халқым аман
Ортаңда жүр жаны жомарт
Алтын адам
Қадамыңды санап аға
Біз өсеміз қарап аға
Шуағыңды тарат аға
Ардақты аға,болат аға
Ақылды шын данышпан
Қырандай қияп ұшқан
Белестерден бірге асамыз
Жан аға жан аға
Ұлы да қарапайым
Алатау ағатайым
Жамбылдай жүз жасаңыз
Жан аға,аға
Ақ ниет ақ тілекпен
Шын риза пəк жүрекпен
Шырқаймыз əнге қоса
Жан аға жан аға
Жақсылар жолын жалғап
Сұңқардай биік самғар
Еліңмен мəңгі жаса
Жан аға,жан аға
Қайырмасы:
Күндей нұрлы жарқыраған
Болсын дейтін халқым аман
Ортаңда жүр жаны жомарт
Алтын адам
Қадамыңды санап аға
Біз өсеміз қарап аға
Шуағыңды тарат аға
Ардақты аға,болат аға
Мақпал Жүнісова, Макпал Жунисова, Жан аға, Жан ага mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

11.02.2018
Қолданушылар