Кездер-ай сөзі

Мақпал Жүнісова

2017

1
0

Бөлісу:



Тоғындай жұмсақ түндерде
Төбеде қалқып көшкен-ай
Жырларға толы күндермен
Сырларға толы кештер-ай
Көңілге қуат жел берген
Күлкіге жомарт үйілер-ай
Шырқата салған әндермен
Шалқыта тартқан күйлер-ай

Қайырмасы
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай

Арғымақ көңіл еліріп
Арының әрең бастық-ай
Осылай лаулап өмірі
Өтердей болған жастық-ай
Кеттіңдер енді кімге еріп
Қуаныштар-ай мұңдар-ай
Күлімдеп өткен күндермен
Жарқылдап өткен жылдар-ай

Қайырмасы
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай

Мақпал Жүнісова, Макпал Жунисова, Кездер-ай, Кездер-ай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

26.06.2018
Қолданушылар