Ғашықтар жыры сөзі

Мақпал Жүнісова ft. Сенбек Жұмағалиев

Ғашықтар жыры

3
1

Бөлісу:


Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай!
Қуанатын балаша кезің қандай,
Өзің қандай, жаныма сөзің балдай.
 
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.
 
Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, тәңір де табынғандай!
 
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде. 
Мақпал Жүнісова ft. Сенбек Жұмағалиев, Макпал Жунисова ft. Сенбек Жумагалиев, Ғашықтар жыры, Гашыктар жыры сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Орик Утепбергенова

23 Тамыз 2017

жаксы

GM

Сөзін қосқан

22.10.2015