Мақпал Жүнісова ft. Ақбота Керімбекова Өмір-ай сөзі

Бөлісу:


Сөзі



Еркелік назым
Қыс көктем жазым
Күзім де өнер менің
Тағдыр сынаған
Сынбай шыдағам
Үзілген жоқ өлеңім
 
Өнерге еріп
Тəңірге сеніп
Келемін ізіңізбен
Жүрегім сұрақ
Тұрса да сұрап
Жасырам күзді көзден
 
Қайырмасы :
Өмір - ай өмір - ай өмір - ай
Силаған шырғалаң жолың - ай
Үміті үзілмес көңіл - ай
Күні - түн сөнбейтін сенім - ай
Өмір - ай
 
Сүріндірмеген
Қиын күдерден
Бұйырған бағым дара
Сырласым болған
Мұңдасым болған
Шын досым əнім ғана
 
Дөңгелеп зулап
Толқындай тулап 
Өмір бұл өтер кетер
Жылап тұрсаңда
Жұбатып сонда 
Көңілді əн тербетер 




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

22.10.2015
Бейнеклип
Мақпал Жүнісова ft. Ақбота Керімбекова
Өмір-ай


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz