Бөлісу:



Жол жүрем бүгін тағы да бүгін жол жүрем
Ел жаққа барам жүрегім елдеп елжіреп
Ауылдың суы ауылдың нуы аңсатты
Күйбең тірліктің дүрбең шулары шаршатты

[Қайырмасы]
Ауылға барам, бәрі де туыс ел жақта
Аңқылдайды олар, қарамайды олар бар жоққа
Ауылым жайлы, бауырым жайлы жыр жазам
Сүйеніп тұрып анам сүйенген шарбаққа

Жол жүрем бармасам елге болмайды
Тынысымды ашам тіреймін елге маңдайды
Ет жақындарым аттанып кеткен келмеске
Көз көргендер де азайып қапты сол қайғы

[Қайырмасы]
Ауылға барам, бәрі де туыс ел жақта
Аңқылдайды олар, қарамайды олар бар жоққа
Ауылым жайлы, бауырым жайлы жыр жазам
Сүйеніп тұрып анам сүйенген шарбаққа
Мақпал Жүнісова, Бауыржан Рахымбеков, Макпал Жунисова, Бауыржан Рахымбеков, Ауылға барам, Ауылга барам mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Бибигул

11 Тамыз 2016

Макпал апа жарайсыз

Бибигул

11 Тамыз 2016

Макпал апа жарайсыз

дəулет

04 Қыркүйек 2016

міне əн!тамаша!

сабира

09 Желтоқсан 2016

маган унаиды туган жерим

Kolia Otar

20 Маусым 2017

жараисың Мақпал

Admin

Сөзін қосқан

10.08.2016