Мектеп вальсі сөзі

Майра Усеинова

2017

0
0

Бөлісу:



Мектебім ыстық мекен алтын орда
Қағазбен қаламсапты беріп қолға
Тарыдай болып кірген құлының ем
Таудай боп кетіп барам үлкен жолға
Қош бол сен аяулы ұстазым
Қол бол сен бірге өткен қыс жазым
Шар айна көңілде қалдыма
Шаршатқан шалағай достарым,достарым
Білуге құштарлықты еселеген
Білімнің тереңіне жетелеген
Қақпаған қабырғамда ата анаммен
Өзіңнің борышың тұр өтемеген
Қош он жыл бірге өткен көктемім
Бір басып өмірдің өткелін
Аяулы ақ қырау самайда
Ағаттық іздерім көп менің,көп менің
Алаулап жүректерде қимастығым
Тілеймін достарыма бақытты жол
Қол былғап қала берді ау балалық шақ
Артымнан ерген толқын сенде аман бол
Қош он жыл бірге өткен күздерім
Алау шақ бал шуақ күндерім
Қош алтын уямның ауласы
Қалдырған шəкірттік іздерім ,іздерім
Қош бол сен сүйікті босаға
Сап көңілім сабыр ет босама
Саулықпен сəт сапар тілеп тұр
Мектебім ұстазым қос ана ,қос ана


Майра Усеинова, Майра Усеинова, Мектеп вальсі, Мектеп вальси mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

02.02.2018
Қолданушылар