Жер жүзін топан басса екен сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Жер жүзін топан басса екен!
Асқар таудан асса екен!
Таудай толқын құтырып,
Улы көбік шашса екен!
Басса екен топан жер жүзін!
Жапса екен көбік күн көзін!
Жанды, жансыз жоқ болып,
Қалсам жалғыз бір өзім!
Жан иесі тұншықса!
Үн иесі үн шықса!
Қараңғы жердің көгіне
Күн болып сонда мен шықсам!
Қандай ойын салар ем!
Жалынмен бәрін жалар ем!
Екі-шексіз дүниеде
Жалғыз өзім қалар ем!
Заулаған от - жалғыз жан,
Жер мінезді жоқ адам.
Заулап тұрған отымнан
Жаратар ем жаңа адам.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Жер жүзін топан басса екен, Жер жузин топан басса екен сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016