Жауынгердің жыры сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым!
Қолымда найза көк болат -
Ерлігіме айғағым.
Ұлт дегенде көпіріп,
Жарайсың, қаным, қайнадың,
Ұлтымнан мен садаға,
Бекіндім, басты байладым.
Көктегі кәрі Күн куә -
Ежелден жаудан таймадым.
Қорқыныш емес нажағай,
Нажағай - өзім, жайнадым.
Білгенін енді істесін,
Өлімменен ойнадым.
Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым.
Қазам жетсе майданда,
Басымда найзам - сайғағым.
Қайратты, қайтпас жан досым -
Ерлігіме айғағым.
Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым!
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Жауынгердің жыры, Жауынгердин жыры сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016