Жас келін сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Жаңа түскен жас келін,
Кемпірлерге ас келін.
Орамал-шаршы бермесе,
Абұйырсыз тас келін.
Алғанға қабақ шытпаса,
Сонда болар бас келін.
Жаңа түскен келіншек
Болмайды тіпті еріншек.
Құдайдың берген тоқтығы -
Ac болады ірімшік.
Жас келіншек - тоқ қонақ,
Болмайды тіпті сұғанақ.
Арып-талып жүрсе де,
Ойлайтыны жақсы атақ.
Бұрқыраған дауылда,
Сабап құйған жауында,
Ләм деп бір сөз шығармай,
Жас келін жүрер сауында.
Бірін бірі іздескен,
Қараңғыда көздескен,
«Басым жерге кіргенше,
Жаным - сен!» деп сөздескен.
Жас келіннің күйеуі -
Мұңын ашар сүйеуі.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Жас келін, Жас келин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016