Тұтқын (М.Д.-ға хат) сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.
Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,
Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректi азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Тұтқын (М.Д.-ға хат), Туткын (М.Д.-га хат) сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016