Тұтқын сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


(Лермонтовтан)
Абақтыдан құтқарып,
Сәулесін күннің көрсетші.
Қаракөз жанға қыз салып,
Қара жал жүйрік ат берші.
Жас сұлуды жүрекке
Қысып әуел сүйейін.
Сонан соң ырғып жүйрікке,
Желдей ұшып гулейін.
Есік берік, әйнек те,
Дариға, бірақ тым биік.
Қаракөзді аулақта
Жатқан шығар жат сүйіп.
Жасыл қырда ерігіп,
Жүгенсіз жүр ғой тұлпар-ат
Құйрық-жалы төгіліп,
Бос ойнақтап, көңілі шат.
Жоқ жұбаныш, жалғызбын,
Жалаңаш тас - айналам.
Шашады әлсіз жарығын
Сөнетін оттай сорлы шам.
Естіледі жалғыз-ақ
Ар жағында есіктің
Күзетші жүр үнсіз, сақ,
Аяғын басқан есеппен.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Тұтқын, Туткын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016