Төбет сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Түн бойынша сақ төбет,
Үріп шықты шарқ ұрып,
Жауды біліп аңдыған.
Ac бермеді бәйбіше:
«Үрдің,- деп,- босқа құр кеше,
Барқылдақ,-деп,- алжыған!»
Түн болды тағы, кәр төбет
Бұралып жатты, үндемед,-
Қайтсін сорлы, қажыған!
Білгенін бөрі істеді,
Төбет тағы естіді
Кешегі сөзді «алжыған!»
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Төбет, Тобет сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016