Сағат сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


«Шық-шық!» деп соғып тұр
Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат!
Сорлы адам туғанда,
Сұм жалған көңілі шат.
Көз ашып тұрғанда,
Көрінер оған жат.
«Шық-шық!»- деп жүз шытар,
Есіктен кірместен.
Сорлы адам тез жытар,
Дән рақат көрместен.
Мінекей, бұйырып тұр
Бұл сағат деп: «Шық-шық!»
...мойның бұр,
Сен де шық, сөзін ұқ.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Сағат, Сагат сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016