Осы күнгі күй сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің,
Құл болдың қара табан енді малсыз.
Ортаға қамап алып қырып жатыр
Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз.
Қазағым, арыстаным, қайратты ерім,
Тұрдың ба қару қылмай, құр амалсыз?
Өзіңдей адамзаттар не ғып жатыр,
Бос жүрсің баспанасыз, үйген тамсыз,
Сандалдың: алдың - боран, артың - тұман,
Түк көрмей сәуле берер шырақ-шамсыз.
Білімсіз ит надандық жеңгені ме?
Буының қалтырайды болып әлсіз.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Осы күнгі күй, Осы кунги куй сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016