Махаббат не? сөзі

Мағжан Жұмабаев

Махаббат не?

1
0

Бөлісу:


Махаббат – бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Тез жазылмақ бұл жара,
Бал тілімен сүйсе жар.
Сүймесе жүрек, дариға,
Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек болар мас.
Дүниедегі у мен шу,
Мас жүректі оятпас.
Махаббат –бір тәтті у,
Ішер жүрек, төгер жас!
 
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Махаббат не?, Махаббат не? сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

14.10.2015