Қырғыз, қазаққа сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Арқар менен құлжадай
Қойындасқан ежелден.
Екі тентек тетелес
Сойылдасқан екі елден.
Түн заманды төңкерген
Топан-заман не күтед?
Қырғыз - таудың тарпаңы,
Қазақ - қырдың құланы.
Екеуіңе топанның
Тартқан мынау ұраны:
Екі тарлан табысып,
Шұрқырасқай деп күтед.
Алатау, Арқа күңіренген
Күні кеше зарыңнан.
Сендерді солай сорлатқан
Албастыдан арылған.
Бүгінгі тұңғыш тойыңа
Той ұласқай деп күтед.
Енді алдым ашық деп,
Ілгері басқай деп күтед.
Елмен қатар елдіктен
Үмітті болғай деп күтед.
Ұйымдарың сол жолда
Ұйытқы болғай деп күтед.
Соққы жеген жетім ел
Балаулы болғай деп күтед.
Сондықтан қызыл жалындай
Жалаулы болғай деп күтед.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Қырғыз, қазаққа, Кыргыз, казакка сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016